1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған ашық есік күні өтті

2026 жылғы 16 мамыр күні Лесозавод шағын ауданындағы филиалымызда 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – балалар денсаулығына көңіл бөліп, тұрғындарға білікті медициналық кеңес беру болды.

Ашық есік күні аясында тұрғындар невропатолог, хирург, офтальмолог, ЛОР және педиатр дәрігерлерінің қабылдауында болып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Мамандар балалардың денсаулығын тексеріп, қажетті ұсыныстар мен кеңестер берді.

Іс-шараға келушілер саны айтарлықтай көп болды. Балалар көтеріңкі көңіл күйде қатысып, ата-аналар білікті мамандардың кеңесіне ризашылықтарын білдірді.