Үйге дәрігерді шақырту ережесі

Келесі жағдайлар  үйге дәрігерді шақырту үшін  көрсеткіштер болып табылады:

  • Науқастың өздігінен емханаға келе алмайтын қатты сырқаттану жағдайында.

Дене қызуы 38 С градустан жоғары болса.

Қан қысымының көтерілуі.

Бірнеше мәріте іш өтуі.

Жүріп-тұруға  кедергі келтіретін төменгі аяқ буындары мен  омыртқаның қатты ауруы.

Бас айналу, қатты лоқсу, құсу.

  • Науқастың өздігінен емханаға баруға мүмкіндігі жоқ созылмалы: онкологиялық аурулар, мүгедектік (I-II топ), сал ауруы, аяғының болмауы.
  • Тасмалдауға келмейтін науқастар.

Шақыртуды қабылдау медициналық тіркеушілерге тіркеу бөліміне жолығу арқылы және +7 (7172) 39-99-99 телефондары арқылы жұмыс күндері сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін жүзеге асырылады.