Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жаднама

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет Қазақстан мемлекеті саясатындағы ең маңызды стратегиялық артықшылық. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясықалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында «…біздің түпкі мақсатымыз–жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек» екендігі баса айтылады.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі  «Жемқорлықпен күрес» Заңының 2 бапқа сәйкес  «осы заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады».

Егер сізге пара ұсынса немесе сізден параны қоқан-лоқымен алғысы келсе! Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде параға байланысты қылмыстың екі түрін қарастырады:-пара алу(311 бап);-пара беру(312 бап).

Пара алу- ең қауiптi лауазымдық қылмыс, егер ол топтық тұлғалармен жасалса немесе  заңды немесе заңсыз iс-қимылдарға бас пайдасы үшін итермелеу арқылы берушінің мүддесіне шешілетін, оның ішінде қызметті жаппай бүркемелеу мен көзжұмбайлық.

Пара беру-ең лауазымдық қауіпті қылмыстардың бірі, ең бастысы ол топтық келісіммен немесе қоқан-лоқы жасау жолымен болса, қорыта келгенде лауазымдық тұлғаның  заңды немесе заңсыз ісіне байланысты алынған артықшылығы немесе пайда табу іс-әрекеті.

Қылмыспен күрес баршаның және әр адамның ісі. Қылмыспен күрестің ең тиімді жолы, ең біріншіден бәрімізге-қоғамға және әрбір жеке азаматқа байланысты. Алайда бұл маңызды мәселені тез арада шешу мүмкін емес. Бұл мәселені біртіндеп шешуге бірте-бірте және ең маңыздысы жүйелік сипатта заң шығарушы, орындаушы билікпен, құқық қорғау құрылымымен, партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, барлық қоғамдық жолдағы жүйені тарту керек.

Осы мақсатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес бәріміздің және өзара мүдделілік, сенімділік пен әріптестік және өзара көмек негізінде әрқайсымыздың ісіміз болуы қажет.