Telegram-да EgovKzBot2.0 мемлекеттік қызметтері бойынша шағымдар мен ұсыныстар беруге арналған жаңа құрал

Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдары мен ұсыныстарына жедел назар аудару мақсатында Telegramm мобильді қосымшасының «Электронды үкімет» веб-порталы мәселелері бойынша ресми «EgovKzBot2.0» бот платформасы арқылы «Уәкілетті органға өтініш» білдіру батырмасы іске қосылды. Аталған платформада қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне шағым, олардың сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында ұсыныстарды білдіру тетіктері қарастырылған.

Бүгінгі күні EgovKzBot2.0 электрондық үкімет порталының боты арқылы (https://t.me/Kenes1414Bot) келесі қызметтер мен сервистерді алу үшін қол жетімді:
✅ Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтерді ұсыну;
✅ Әлеуметтік мәртебені тексеру;
✅ ХҚКО-ға кезекті брондау;
✅ Жақын жердегі ХҚКО;
✅ Ақпараттық анықтамалар
✅ Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табысты ескере отырып);
✅ Борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру;
✅ Әкімшілік айыппұлдардың болуын тексеру;

✅ Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің болуын іздеу;
✅ Автокөлік кепілінің болуын іздеу;
Ботпен жұмысты бастау үшін сізге қажет:
👉 Тіркелу керек eGov.kz телефон нөмірін портал профиліне қосыңыз
👉 Телефонды тіркеу және байлау қатаң түрде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып жүзеге асырылады, және егер сізде ол жоқ болса, онда «порталда бірінші рет»бөлімінде ЭЦҚ алу рәсімі туралы ақпаратпен танысыңыз.