Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау және Қалалық орта сапасы және бақылау басқармаларының ұйымдастыруымен Астанақаласы бойыншамектеп және балабақша басшыларымен маңызды кездесу болды

Шараға қатысушылар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының,  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері.

«Біз бүгін біраз ақпарат алдық. Елбасының жақында жария болған Жолдауындағы қарапайым халыққа жасап отырған жағдайының іске асып жатқанына қуанамын. Міне, жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 мың теңгеге көтерілетіні біз үшін үлкен көмек болды. Оның үстіне мұғалімдердің жалқысы көтерілетіні де. Өйткені, қазір біздің мектепке ағылшын тілі пәнінің мұғалімі қажет еді»- деді Астана қаласы №78 мектеп директоры Жұмабекова Жанар Өмірханқызы.

Кездесу барысында жұмыс берушілермен халықты жұмыспен қамту, жұмыс орындары квотасын орындау, еңбек нормаларын сақтау, ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру, «Электрондық еңбек биржасы» интернет-порталында (www.enbek.kz) тіркелу, электронды еңбек шартын тіркеу, бірыңғай жинақталған төлем,  мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік органдардың өкілдері және жұмыс берушілердің арасындағы кездесулер апта сайын ұйымдастырылуда.

Запись опубликована автором в рубрике .