Медициналық ұйымның даму стратегиясы мен миссиясы
Миссия: Бүгін денсаулыққа қамқорлық – болашаққа деген сенім.
Пайым: Инновациялық бағдарламаларды іске асыру және аурулардың алдын алу қағидаттарын енгізу негізінде кешенді медициналық көмек көрсететін заманауи медициналық ұйым болу.
Біздің құндылықтарымыз
- Кәсібилік және қауіпсіздік;
- Ашықтық;
- Әділдік;
- Командалық жұмыс;
- Ұйымның тұрақтылығы;
- Пациентке бағдарлану;
- Сапалы медициналық көмек көрсету.
Әдеп қағидаттары
- Құпиялылық;
- Жауапкершілік;
- Құрмет;
- Тәлімгерлік;
- Үздіксіз даму және инновациялар;
- Заңдылық және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл;
- Бейтараптық және адалдық.
Негізгі қызмет түрлері
- Қызмет көрсетілетін аумақтағы халыққа медициналық ұйымда және үй жағдайында білікті медициналық көмек көрсету.
- Халықты, оның ішінде жүрек-қантамырлары, онкологиялық және басқа да аурулардың даму қаупі жоғары тұлғаларды, сондай-ақ экстрагениталдық патологиясы бар фертильді жастағы әйелдерді диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу.
- Жіті жағдайлар, жазатайым оқиғалар және шұғыл медициналық көмекті қажет ететін өзге де жағдайлар кезінде науқастарға алғашқы және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету.
- Ауру бейініне сәйкес алдын ала тексеруден өткізе отырып, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек, сондай-ақ зертханалық-диагностикалық қызметтер алу үшін азаматтарды МСАК мамандарының уақтылы ауруханаға жатқызуын ұйымдастыру, санаторийлік-курорттық емдеуге жолдау.
- Профилактикалық медициналық қарап-тексерулердің барлық түрлерін жүргізу.
- Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру: инфекциялық ауруларды анықтау, инфекция ошақтарын бақылау, иммундық профилактика жүргізу және санитариялық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
- Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгертуді қажет ететін тұлғаларды ұтымды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Лицензия
Емхана құрылымы

Қызметкерлер саны
501 адам
Байқау кеңесі
Байқау кеңесінің құрамы
| Байқау кеңесінің төрағасы | Петухова Н.М. |
| Байқау кеңесінің мүшелері |
Алдабергенова С.А. Калмакова Ж.А. Успанов Ж.З. Мусина Р.Р. |



