1 қазан — Қарттар күні

Қариясы бар үйдің — қазынасы бар.
Өйткені әрбір ақсақалдың батасы, әрбір әженің мейірімі — ұрпаққа қалған асыл мұра.

Қарттарымыз — өткеннің куәсі, бүгіннің ақылшысы, келешектің бағыт-бағдары. Олардың өмір жолы — біз үшін үлкен өнеге.

Бүгін ғана емес, әр күн сайын ата-әжелерімізге құрмет көрсетіп, көңіл бөліп, жылы сөзімізді аямағанымыз жөн.

Ақылды қария — ағынды дария.
Барша қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!09:35