«Сенім» жастар денсаулық орталығында «Жеке шекаралар және салауатты қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өтті

2026 жылғы 5 қазанда №8 қалалық емхананың «Сенім» жастар денсаулық орталығында жастарға арналған «Жеке шекаралар және салауатты қарым-қатынас» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың жеке шекараларды сақтау маңыздылығы туралы түсінігін кеңейту, өзара сыйластыққа негізделген салауатты қарым-қатынас орнату және тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.

Тренинг барысында қатысушылар жеке кеңістікті құрметтеу, өз сезімдері мен қажеттіліктерін ашық жеткізу, қажет жағдайда «жоқ» деп айта білу, сондай-ақ зиянды қарым-қатынастың белгілерін тану мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар эмоционалдық саулықты сақтау, өзара сенім, түсіністік және қарым-қатынастағы сыйластықтың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Іс-шараға 6 жас қатысты.

«Сенім» жастар денсаулық орталығы жастардың психологиялық денсаулығын нығайтуға, олардың өмірлік дағдыларын дамытуға және қауіпсіз әрі салауатты қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Салауатты қарым-қатынас өзіңді және өзгелерді құрметтеуден басталады!