Жасөспірімдер арасында темекі шегудің алдын алу

Емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары №12 орта мектеп оқушыларына темекі шегудің алдын алу тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және темекі өнімдерінің адам ағзасына тигізетін зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

Дәріс барысында оқушыларға темекі мен электронды темекінің денсаулыққа әсері, оның ішінде тыныс алу жүйесіне, жүрек-қантамыр жүйесіне және жалпы ағзаның дамуына келтіретін зияны жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден бас тартудың маңыздылығы түсіндіріліп, жастар арасында денсаулықты сақтаудың негізгі қағидалары талқыланды.