Салауатты жұмыс орны

Емханамызда қызметкерлердің денсаулығын нығайту және жұмыс барысындағы белсенділігін арттыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылды. Бұл бастама «Салауатты жұмыс орны» бағдарламасы аясында тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Сергіту жаттығулары жұмыс уақытында ұзақ отырудың кері әсерін азайтуға, бұлшықет кернеуін босаңсытуға және жалпы көңіл-күйді көтеруге бағытталды. Қызметкерлер қарапайым дене жаттығуларын орындап, белсенді өмір салтын ұстанудың маңыздылығын тағы бір мәрте сезінді.