Реабилитация бөлімшесі мына мекенжайда орналасқан: Иманова көшесі 44, № 6, № 10, № 11 және № 12 корпустар.
Жұмыс кестесі: 8.00-ден 18.00-ге дейін. Үзіліс уақыты: 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Бөлімшеде 4 дәрігер және 11 медбике жұмыс істейді.
Оңалту бөлімінің меңгерушісі:
Кургамбаева Г.К. – жоғары санатты дәрігер.
Оңалту бөлімінің дәрігерлер:
Турехан А.Т. – 2 санатты дәрігер,
Махмутбек А.М. – 2 санатты дәрігер,
Кожахметов А.Х. – дәрігер-реабилитолог.
Дәрігерлер пациенттерді қабылдайды, клиникалық хаттамалар негізінде реабилитациялық процедураларды тағайындайды, пациенттің жағдайына командалық бағалау жүргізеді және реабилитациялық процедуралардың орындалу сапасын бақылайды, жеке реабилитация жоспарларын құрастырады, буындардағы қозғалыс көлемін өлшейді (гониометрия), кинезиотейпинг жүргізеді.
Емдеу барысында міндетті түрде салауатты өмір салты мәселелері бойынша кеңес береді, соның ішінде антиалкогольдік және антиникотиндік профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Ұлт денсаулығын нығайту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, ауру бойынша есепте тұрған адамдарға міндетті скринингтік тексерулер мен диспансерлік қараулардан өтуді ұсынады.
Физиомедбикелер:
Испулова К.Х., Алиева О.А., Чамантаева Г.П., Шадетхан Ж. – келесі процедураларды жүргізеді: магнитотерапия, дәрілік электрофорез, ультрадыбыстық терапия, лазеротерапия, парафинотерапия, «Виброланг» аппаратында виброакустикалық массаж.
Массажистер:
Ислямбеков Е.К., Абильханов Д.Т., Абдуалиева М.Б., Калданова М.М. – балаларға жалпы классикалық массаж, сондай-ақ ересектерге дененің кез келген аймағына сегменттік массаж және триггерлік нүктелер массажын жүргізеді.
Емдік дене шынықтыру (бұдан әрі – ЛФК) нұсқаушысы:
Токпаева М.А. – ЛФК магистрі, топтық және жеке сабақтар өткізеді, тейпинг, тыныс алу гимнастикасын жүргізеді, проприоцептивті жүйке-бұлшықет фасцилитациясы әдісі бойынша ем жүргізеді.
Бөлімшеде көрсетілетін қызметтер:
Магнитотерапия, электрофорез, ультрадыбыстық терапия, лазеротерапия, парафинотерапия, виброакустикалық массаж, тұз шахтасы, емдік дене шынықтыру сабақтары, массаждың барлық түрлері, тейпинг.
Қызметтер 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға және ересек тұрғындарға көрсетіледі.
Бөлімше қызмет көрсететін бағыттар:
– жедел аурулар;
– медициналық реабилитацияның 3-кезеңі.
Медициналық реабилитация келесі нозологиялар бойынша көрсетіледі:
- Кардиология (аортокоронарлық шунттаудан, стенттеуден, жедел миокард инфарктінен кейін).
- Неврология (омыртқа жарығын алып тастаудан кейінгі жағдай, омыртқа сынуы, омыртқа стенозымен жарық, инсульттен кейінгі жағдай).
- Травматология және ортопедия (операциямен және операциясыз барлық жарақаттар).
- Тыныс алу ағзаларының аурулары (бронхиалды астма, пневмония).
Қызметтер ОСМС шеңберінде көрсетіледі, сондай-ақ ақылы қызметтер қарастырылған.



