Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі

Бөлім меңгерушісі– Калиекова Гульназ Сабырбековна, жоғары біліктілік санатты терапевт дәрігер, жұмыс өтілі 27 жыл.

Аға мейірбике  — Иманшарипова Кадиша Канапьяновна, жоғары біліктілік санатты аға мейірбике, жұмыс өтілі 28 жыл .

 

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі (бұдан әрі –ПӘПКБ) Астана қаласы әкімдігінің ДСҰ ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК бөлімшесі болып табылады. ПӘПКБ 2012 жылы құрылды, басты бағыты медицина қызметкерлерінің әлеуметтік маңызы бар ауруларды анықтау және  алдын алу қызметін оңтайландыру.

 

ПӘПКБ пациенттің қажеттіліктеріне жауап беретін, сапаны, қолжетімділікті, үздіксіздікті және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін  профилактикалық көмек көрсетеді. Біздің қызметіміздің басымдығы аурулардың алдын алу, салауатты өмір салты дағдыларын насихаттау және қалыптастыру, халықтың өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу болып табылады.  № 8 ҚЕ бекітілген халыққа медициналық, медициналық-әлеуметтік, психологиялық көмек көрсетеді.

 

ПӘПКБ бекітілген халыққа МСАК шеңберінде профилактикалық қызмет көрсетеді , сонымен қатар амбулаториялық, үй жағдайында , күндізгі стационарда әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетеді. Атап айтқанда:

 

1. Қауіп факторлары мен ауруларды ерте  анықтау мақсатында Емханаға бекітілген халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексерулер (скрининг) жүргізу.

 

2. Үш айдан бес жасқа дейінгі балаларға  профилактикалық медициналық тексерулер (скрининг) жүргізу.

 

3. Жеке, кәсіби және психологиялық мәселелерді шешу үшін пациенттерге психологиялық кеңес беру.

 

4.Бекітілген халыққа мамандандырылған әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету.

 

5. Мұқтаж адамдар үшін қолда бар әлеуметтік қызметтер туралы ақпарат беру, құжаттаманы ресімдеуге жәрдемдесу(балалар үйі, қарттарға арналған баспана, жүріп-тұру құралдарына ресімдеу, құжаттарды, жеке куәліктерді, ЖСН, қорғаншылық және қамқоршылық құжаттарын алуға жәрдемдесу және т.б.).

 

6.Әлеуметтік-психологиялық қызметтерді(мемлекеттік, халықаралық) жүзеге асыратын ұйымдармен әріптестікте жұмыс істеу.

7. Денсаулық мектептерінің қызметін бейіндер бойынша ұйымдастыру.

 

8.СӨС шеңберінде бекітілген ұйымдарда, мектептерде, колледждерде, ЖОО-да учаскелік қызметпен және басқа бөлімшелермен бірлесіп санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

 

9.Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ холлдарда және күту орындарында аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі аудио-бейнематериалдарды тұрақты негізде көрсету арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

10.Халықты шұғыл және дағдарыс жағдайында өзін — өзі және өзара көмек көрсету әдістеріне оқыту арқылы азаматтардың денсаулығын қорғау процесіне халықты тарту, мектептер, клубтар және т. б. ұйымдармен бірлесе отырып өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

 

11.10 жастан асқан балаларға, 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарға медициналық-психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету.

 

12.Оқуға, жұмысқа түсу кезінде алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер және мерзімді міндетті медициналық (ақылы) қарап-тексерулер.

 

ПӘПКБ негізгі міндеттері:

 

  • Емхананың ересектер мен балалар корпусына келушілер ағынын реттеу;
  • Емханада қабылдауда дәрігерге дейінгі білікті көмек, үйжағдайында, күндізгі стационарда әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
  • халықты профилактикалық тексерулерді, оның ішінде тіркелген халықты скринингтік тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • санитарлық-гигиеналық білімді насихаттау арқылы халық арасында профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • бекітілген халыққа психологиялық көмек пен әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • қауіп факторлары мен аурулары (қан айналымы жүйесінің аурулары, қант диабеті, глаукома, онкологиялық аурулар)бар адамдарды ерте анықтау мақсатында скринингтік жастағы халыққа профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізу;

 

  • уақытылы және сапалы профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
  • әлеуметтік жағдайдың жалпы диагностикасын және жеке тұлғаның әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін жүргізу;
  • психологиялық диагностика, психологиялық-профилактикалық көмек жүргізу , жеке және топтық көмек көрсету;
  • үйде әлеуметтік-психологиялық  патронажды жүзеге асыру;
  • сенім телефоны арқылы консультациялық-психологиялық көмек көрсету;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулық мектептері жұмысының қызметін ұйымдастыруға қатысу;
  • іс-шараларды өткізуге қатысу (Дүниежүзілік денсаулық күндері, айлықтар, онжылдықтар, Ашық есік күндерін өткізу және т. б.);
  • «Сенім» жастар денсаулық орталығында(бұдан әрі–ЖДО) 10 жастан асқан балаларға, 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарға медициналық-психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету.
  • оқуға, жұмысқа түсу кезінде алдын ала міндетті медициналық тексерулер және мерзімді міндетті медициналық тексерулер жүргізу; көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтамалар беру; қару алып жүруге; бассейнге баруға; мемлекеттік қызметке орналасуға; шетелге шығуға; көші-қон полициясы үшін шетел азаматтарына; жеке санитарлық медициналық кітапша бойынша медициналық тексеру; сан. минимумдар; пат.флора. себіндісі, жұмысқа кірісуге рұқсат;

 

ПӘПКБ ересектер корпусында 1-қабатта орналасқан, 105, 106, 107, 108, 109, 125, 126, 127, 128, 129 каб. 3-қабатта–303 каб.4-қабатта–415 каб. балалар корпусында 3-қабатта–314 кабинет.

 

 

Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің құрамында:

 

  • Дәрігерге дейінгі кабинет;
  • Скринингтік кабинет;
  • Әйелдердіқарау кабинеті;
  • Ерлерді қараукабинеті;
  • Баланы дамыту кабинеті;
  • Салауатты өмір салты кабинеті;
  • Психолог/Психотерапевт кабинеті;
  • Әлеуметтік қызметкер кабинеті;
  • Терапевт/кәсіби патолог кабинеті;

 

ЖДО:

Колл-орталығы бар тіркеу орны  ересектер мен балалар корпусында орналасқан (штат кестесіне сәйкес 2023ж.13.09 бастап);

 

Дәрігерге дейінгі кабинет

 

Дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті келушілер ағынын реттеу және дәрігерлік құзыретті талап етпейтін функцияларды орындау үшін ұйымдастырылған.

 

Дәрігерге дейінгі кабинеттің негізгі міндеттері:

 

  • дәрігерге жолдаманың жеделдігі туралы мәселені шешу үшін пациенттерді қабылдау;

 

  • жүгінген күні дәрігерлік қабылдауды қажет етпейтін науқастарды зертханалық және басқа да зерттеулерге жіберу;

 

  • қан қысымын, дене температурасын және т. б. өлшеу.

 

  • емханада халыққа дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;

 

  • көрсеткіштер бойынша бейінді маманды шақыру;

 

  • шұғыл жағдайларда алғашқы көмек көрсету;

 

  • халықты санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

 

Скрининг кабинеті

Кабинеттің қызметі қауіпті факторлары мен аурулары (қан айналымы жүйесінің аурулары, қант диабеті, глаукома, колоректальды обырды, сүт безі обырын, жатыр мойны обырын анықтауға арналған онкоскринингтер) бар адамдарды ерте анықтау мақсатында скринингтік жастағы тұрғындарды медициналық, профилактикалық тексеруден өткізуге бағытталған.

 

Әйелдерді қарау кабинеті

 

Кабинеттің негізгі міндеті – сыртқы жыныс мүшелері мен жамбас мүшелерінің гинекологиялық, ісікке дейінгі және онкологиялық ауруларын ерте анықтау мақсатында әйелдерді профилактикалық тексеруді жүзеге асыру болып табылады.

 

 

 

Ерлерді қарау кабинеті

 

Кабинеттің негізгі міндеті–ісікке дейінгі және ісік ауруларын дамудың ерте кезеңдерінде анықтау үшін барлық ерлерді профилактикалық тексеру.

 

 

Баланы дамыту кабинеті

 

Негізгі міндеті:

 

Ерте жастағы балалардың денсаулығын сақтау үшін профилактикалық іс-шаралар мәселелері бойынша консультациялық және білім беру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ бала күтімін тікелей жүзеге асыратын ата-аналарды оқыту. Сонымен қатар баланы дамыту кабинетінде  3 айлық, 1 жастағы , 2, 3, 6 жастағы балаларға БАӘ, КСВП, импедансометрия және Аудио-Смарт аудиологиялық скринингке арналған аппаратпен аудиологиялық скрининг жүргізіледі.

 

Салауатты өмір салтын насихаттау кабинеті

 

Кабинеттің негізгі қызметі санитарлық-гигиеналық тәрбиеге, салауатты өмір салтын насихаттау, түрлі аурулардың (темекі шегу, алкоголь, гиподинамия және т. б.) қауіп факторларының пайда болуы мен дамуына қарсы күресті насихаттауға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

 

 

 

 

Денсаулық мектептерінде топтық сабақтар өткізіледі:

  • «Артериялық гипертензия және жүректің ишемиялық ауруы» мектебі
  • «Қант диабеті» мектебі
  • «Бронх демікпесі»мектебі
  • «Отбасын жоспарлау» мектебі
  • «Босануға дайындық»мектебі
  • «Жас ана» мектебі
  • «Дені сау бала» мектебі
  • «Мінез-құлық қауіп факторлары бойынша» мектебі
  • «Белсенді ұзақ өмір» қарттар мектебі

 

 

«Артериялық гипертензия және жүректің ишемиялық ауруы»  мектебіне қан қысымы жоғары және жүректің ишемиялық ауруы бар кез келген адам жүгіне алады. Артериялық гипертония — ересектерде жиі кездесетін созылмалы ауру. Бұл ауруды толығымен емдеу мүмкін емес, бірақ қан қысымын бақылауда ұстауға болады. Мектепте сізге артериялық гипертензияны болдырмауды, қысымды басқаруды, артериялық гипертензияның алғашқы белгілерін анықтауды үйретеді. Артериялық гипертензияны неғұрлым ерте анықтап, оны динамикада байқылай бастасаңыз, болашақта гипертонияның асқыну қаупі соғұрлым аз болады.

 

«Қант диабеті»  мектебінде қант диабетін емдеу және алдын алу бойынша кеңестер өткізіледі. Мектеп пациенттеріне дәрістер, жеке әңгімелер, оқыту өткізіледі. Пациенттерге қант диабетінің алдын алу, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану туралы көрнекі түрде көрсетіліп, айтылады.

 

«Бронх демікпесі» мектебінде осы аурумен ауыратын науқастарды оқыту жүргізіледі. Мектептің жұмысы патологияның дамуын, асқынулар мен өршулерді болдырмауға , алдын алуға бағытталған. Пациенттердің ауру, оның ерекшеліктері мен емдеу әдістері туралы білім деңгейін арттырады , арнайы аспаптарды (ингаляторлар, небулайзерлер, спейсерлер, пикфлоуметрлер) пайдалану дағдыларын дамытады, сондай-ақ жақындап келе жатқан тұншығу кезіндегі іс-әрекеттермен таныстырады.

 

«Отбасын жоспарлау», «Босануға дайындық», «Жас ана», «Дені сау бала»  — мектептердің қызметі репродуктивті денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды отбасылық өмірге дайындауға, адамгершілік тәрбиеге, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес беруге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу болып табылады осылайша, қоғамда санитарлық-гигиеналық тәрбиенің бірыңғай жүйесінде жыныстық мәдениетті қалыптастыру. Жүктілікке, жүктілік кезеңінде, босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге мамандандырылған психологиялық көмек көрсету.

 

«Белсенді ұзақ өмір сүру»  қарттар мектебі – 60 жастан асқан адамдарға қолдау көрсету мақсатында ашылған. Мұнда олар белсенді, қуанышты ұзақ өмір сүру тақырыптарында сөйлесуге, қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге, күйзеліспен күресуді үйренуге, жақсы көңіл-күй мен  ішкі тыныштық қалыптастыруға мүмкіндік алады. Мектеп пациенттері скандинавиялық серуендеумен айналысады.

 

Психолог кабинеті

 

Психолог тұлғаның психологиялық проблемаларын диагностикалық әдіспен анықтайды, әртүрлі амал-тәсілдермен  психологиялық түзету көмегін көрсетеді:

 

  • психотравматикалық эмоционалды жағдайларды түзету;
  • субтұлғалар қақтығысы;
  • өзін-өзі бағалаудың төмендігі;
  • ресурстық жағдайды іздеу;
  • қарым-қатынастың қиындықтары;
  • ренішпен жұмыс;
  • қорқыныш;
  • жанның «жаралануынан» кейінгі  синдром;
  • балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас мәселелері.

 

Акушерлік-гинекологиялық бөлімшедегі психолог кабинеті

 

  • жүктілікке, жүктілік кезінде, босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге мамандандырылған психологиялық көмек көрсету;
  • жүктілікті тоқтату туралы шешім қабылдау;
  • жалғызбасты ана болуға дайындық;
  • жрте ана болуға дайындық;
  • әр түрлі фобияларды, қорқыныштарды жеңуге көмектесу;
  • психосоматикалық бұзылулар;
  • депрессиялық жағдайлар;
  • невротикалық жағдайлар, ұйқысыздық;
  • отбасылық қатынастардағы қиындықтар.

 

Балалар психологы

 

Балалар–ата-аналар және балалар қатынастары мәселелері бойынша психологиялық кеңес беріледі, мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларды профилактикалық тексеру жүргізіледі (ойлау, сөйлеу, есте сақтау, зейін, шығармашылық қабілеттерін диагностикалау және дамыту). 3 жастан 7 жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу және психологиялық дамуының кешігуін анықтау бойынша түзету жұмыстары жүргізіледі.

 

Психотерапевт

 

Психотерапиялық әдістермен медициналық көмек көрсету:

 

  • — неврастения;
  • — мазасыздық-фобиялық бұзылулар;
  • — күйзелістенкейінгі бұзылулар;
  • — соматоформалық бұзылулар;
  • босанғаннан кейінгі кезеңге байланысты психикалық және мінез-құлық бұзылыстары;
  • аффективті бұзылулар (депрессия, циклотимия, дистимия) ;

 

  • — жеңіл когнитивті бұзылыс (есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ұмытшақтық, оқу мен зейіннің қиындауы);
  • — посткоммоциялық синдром (бас жарақатынан кейін пайда болатын синдром);
  • — шизотиптік бұзылыс;
  • — балалар мен жасөспірімдердегі мінез-құлық бұзылыстары;
  • — отбасылық дисгармония.

 

Әлеуметтік қызметкер

 

Әлеуметтік қызметкердің міндеті тіркелген халыққа мамандандырылған әлеуметтік-психологиялық және медициналық көмек алуға жәрдемдесу болып табылады.

 

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және қиын жағдай туындағанда оларды еңсеру үшін жағдайлар жасау;

 

Әлеуметтік сала субъектілерімен ынтымақтастық негізінде медициналық-әлеуметтік көмек көрсету.

 

«Сенім» жастар денсаулық орталығы (бұдан әрі–ЖДО)

 

«Сенім» ЖДО 26.03.2012 жылы №8 ҚЕ базасында «Жастарға қолайлы қызметтерді енгізу туралы» ҚР ДСМ 2006 жылғы 19 қазандағы №491 бұйрығының негізінде құрылды.

 

ЖДО құрылымдық бөлім ретінде еріктілік, қол жетімділік, ізгі ниет, сенім және жастардың көрсетілетін көмекке қатысуы, сондай-ақ ақпарат тарату қағидаттарына негізделген. 10 жастан 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарға медициналық-психологиялық -әлеуметтік көмек көрсетіледі, ЖДО мамандары тұрақты негізде онлайн/офлайн семинарлар, оқу орындарында дәрістер, Ашық есік күндерін , 8 ҚЕ қызметкерлерімен олардың қолайлы әлеуметтік-психологиялық және эмоционалдық жағдайы үшін тренингтер, отбасының базалық идеологияларын тарату бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, суицидтің алдын алу және басқалар. Біздің «Сенім» ЖДО-да пациенттердің басқа ағындарымен қиылыспайтын жеке кіреберісі бар.

 

Жастар денсаулық орталығында сізге келесі қызметтер көрсетіледі:

  • репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша ақпараттық қызметтер.
  • педиатрдың, терапевттің, гинекологтың, урологтың, дерматовенерологтың, психологтың және әлеуметтік қызметкердің консультациялық көмегі;
  • емдеу-профилактикалық көмек: репродуктивті денсаулық ауруларының (соның ішінде ЖЖБИ)алдын алу, диагностикасы және лечение;
  • медициналық-психологиялық көмек (оның ішінде психологиялық диагностика, түзету қолдауы, консультациялық көмек);
  • сонымен қатар, жасөспірімдер мен жастарға арналған сенім телефоны жұмыс істейді: 95-57-67

 

Терапевт/профпатолог кабинеті

 

Терапевт/профпатологтың негізгі міндеті:

оқуға, жұмысқа түсу кезінде алдын ала міндетті медициналық тексерулер және мерзімді міндетті медициналық тексерулер жүргізу; көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтамалар беру; қару алып жүруге; бассейнге баруға; мемлекеттік қызметке; шетелге шығуға; көші-қон полициясы үшін шетел азаматтарына анықтама беру; жеке санитарлық медициналық кітапша бойынша медициналық тексеру; сан. минимумдар;  пат. себінді; жұмысқа кірісуге рұқсат беру.