«Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар» тақырыбындағы дәріс

2024 жылдың 20 желтоқсанында № 5 гимназияда балалар мен жасөспірімдер акушер-гинекологы Л. Смаилова оқушыларға «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістің мақсаты — жасөспірімдер арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, олардың таралу жолдары мен қауіптілігін түсіндіру болды.

Қатысушылар дәріс барысында ЖЖБИ (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар) түрлері, олардың симптомдары, алдын алу шаралары мен емдеу әдістері туралы толық ақпарат алды. Мамандар оқушыларға жеке гигиенаның маңызы, сенімді контрацепция әдістері және жыныстық мінез-құлықтың денсаулыққа әсері туралы түсіндірді.