Отбасымызды ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғаймыз?

Primary School of Astana қабырғасында ата-аналарға арналған «Отбасымызды ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғаймыз» тақырыбында мазмұнды лекция өтті.

Емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері иммунитетті нығайту, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, жеке гигиенаны сақтау және вакцина алудың маңызы туралы құнды кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.