Емханамызда Астана қаласы әкімдігінің «Көпсалалы медициналық орталық» ШЖҚ МКК қолдауымен «Жатыр мойны обырының алдын алу» тақырыбында лекция өтті. Онкогинекология саласының білікті маманы Б.С. Алибекова осы қатерлі ауруды болдырмау жолдары бойынша құнды кеңестермен бөлісті. Лекцияда тұрақты медициналық тексерулердің маңызы, адамның папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияның қажеттілігі және салауатты өмір салтының обырды алдын алудағы рөлі нақты айтылды. Сондай-ақ, ерте диагностика және уақытында маманға қаралу ауруды сәтті емдеу үшін шешуші фактор екені нақтыланды.