Жаңа бастама – жаңа мүмкіндіктер!

Емханамызда жақында жұмысын бастаған қызметкерлерге арналған ақпараттық-танымдық кездесу өтті. Шара барысында HR бөлімінің басшысы С. Джунисбекова, Ақпараттық және ұйымдастыру ісі жөніндегі басшы Б. Биболова, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Т. Жумабаев, сондай-ақ психологтарымыз З. Исина, А. Жұлдызхан және И. Сағиева жаңа қызметкерлерге емхананың жұмыс тәртібі мен ерекшеліктерін таныстырып, маңызды ақпараттармен бөлісті.

Әрбір жаңа қызметкер – біздің ұжымымыздың құнды мүшесі! Біз олардың ұжымға тез бейімделіп, өз қабілеттерін толықтай көрсетуі үшін барынша қолдау көрсетеміз.

Жаңа әріптестерімізге жарқын жетістіктер мен жемісті еңбек тілейміз!