№8 мектеп-лицейінде «Туберкулезден бірге сақтанайық» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға туберкулез ауруы, оның алдын алу шаралары және денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар, қолды дұрыс жуу және жеке бас гигиенасын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
Оқушыларға денсаулықты сақтау қарапайым күнделікті әдеттерден басталатыны айтылды. Гигиена талаптарын сақтау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және қажет болған жағдайда медициналық көмекке уақытылы жүгіну — аурулардың алдын алудың маңызды қадамдары.



