Тренинг «Ұжымдық бірлік»

2025 жылғы 23 қаңтар күні акушерлік-гинекологиялық бөлімінің қызметкерлеріне емханамыздың психологтарының ұйымдастыруымен «Ұжымдық бірлік» тақырыбында тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты – қызметкерлердің командалық рухын нығайтып, тиімді қарым-қатынас орнату және бір-біріне деген сенімділік пен ынтымақтастықты арттыру.