Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын ал

Күз-қыс мезгілінде тұмау мен ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекциялар) таралуы көбейеді. Бұл аурулар өте жұқпалы және иммунитетті төмендетеді. Сол себепті емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.

Дәрігердің негізгі кеңестері:

  • Қолды жиі және мұқият жуу – вирусқа қарсы ең тиімді қорғаныс.
  • Мүмкіндігінше көпшілік орындардан аулақ болу, әсіресе сырқат адамдармен араласу кезінде.
  • Бір реттік бетперде кию, әсіресе қоғамдық көлікте және жабық кеңістіктерде.
  • Дұрыс тамақтану және иммунитетті көтеру үшін дәрумендер қабылдау.
  • Тұмауға қарсы вакцина салдыру.

Аурудың алдын алу тек жеке гигиенамен ғана шектелмейді, сонымен қатар қоғамда дұрыс түсінік қалыптастыру және халықтың санитарлық мәдениетін арттыру маңызды. Емханамыздағы мамандар әр адамға осы қарапайым, бірақ тиімді шараларды ұстануға кеңес береді.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз – сау болыңыз!