Құрметті Астана қаласының тұрғындары!

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК балалар гинекологының қабылдауы ұйымдастырылды.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы, 32 тармақшасына, «Он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 20.12.2020 ж. № ҚР ДСМ-285/2020 бұйрығына сәйкес, балалар гинекологы 10 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған қыздардың репродуктивті және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмек көрсетеді.
Балалар гинекологының қабылдауы тіркеу орны арқылы 97-57-69 (ішкі ном. 049) телефоны бойынша алдын ала жазылу, сондай -ақ жасөспірімдер дәрігерінің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
Қабылдау ата-анасының немесе қамқоршысының қатысуымен жүргізіледі.

ӘКІМШІЛІК