«МСАК көшбасшысы» байқауы өз мәресіне жетті

Астанада «МСАК көшбасшысы» байқауы өз мәресіне жетіп, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК жүлделі орынды иеленді!

Қыркүйек айынан қараша айына дейін 30 медициналық ұйым арасында өткен байқауға біздің емхана белсенді қатысып, ақпараттық материалдарды жариялау, МӘМС туралы түсіндіру және науқастарды қолдау қызметтерін ұйымдастыруда жоғары нәтижелер көрсетті.

Барлық қолдау көрсеткендерге алғысымызды білдіреміз! Біз медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру және оны барынша қолжетімді ету бағытында жұмысты жалғастыра береміз.