МӘМС бойынша арнайы жеңілдігі бар санаттар

Арнайы жеңілдігі бар санаттар: балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы отбасылар, студенттер, жүкті әйелдер, жұмыссыздар және басқалары. Осы санатқа мемлекет жарналарды төлейді.

15 жеңілдігі бар азаматтық санаттар:

  1. Балалар – бала «сақтандырылған» деп туылған куәлігін алған сәттен бастап, яғни ЖСН арқылы есептеледі.
  2. Ресми тіркелген жұмыссыздар – мәртебені алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына барып ресми түрде тіркелу қажет.
  3. Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер – поликлиникада мерзімінде жүкті ретінде есепке тұрған болуы керек. Соңғы 2 айда зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің болмауы қажет.
  4. 3 жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлға – бұл санатқа кіргендер автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесін алады.
  5. Жүктілік және босану, жаңа туған баланы асырап алу немесе 3 жасқа дейінгі балаға күтімде болу демалысында жүрген тұлғалар.
  6. Мүгедек баланы күтіп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар – құжаттарды дайындағаннан кейін деректер базасына енгізіледі және автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесі беріледі.
  7. 1-топ мүгедектігі бар тұлғаны күтіп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар.
  8. Зейнетақы алушылар, соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері.
  9. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде сот шешімі бойынша жазасын өтеп жатқан тұлғалар (минималды қауіпсіздіктегі мекемелерді қоспағанда).
  10. Тергеу изоляторында немесе үйқамаққа алынған жұмыс істемейтін тұлғалар.
  11. Жұмыс істемейтін қандастар.
  12. «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ананың даңқы» немесе «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар.
  13. Мүгедектер – ресми құжат шыққан кезде мәртебе автоматты түрде беріледі.
  14. Орта, техникалық, кәсіби, жоғары және аспирантура оқитын студенттер (күндізгі оқу).
  15. Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек алушылар – әлеуметтік төлем тағайындалғанда «сақтандырылған» мәртебесі автоматты түрде беріледі.

Әлеуметтік мәртебеңізді egov.kz порталында жеке кабинетте тексеруге болады.