Емханамыздың салауатты өмір салтын насихаттау дәрігері студенттермен кездесу өткізіп, инсульттің алдын алу, дұрыс тамақтану және алкогольдің зияны тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында дәрігер инсульттің негізгі себептері мен оның қауіпті факторларына тоқталып, жастарға аурудың алдын алу жолдарын түсіндірді. Әсіресе, салауатты тамақтанудың, қозғалыс белсенділігінің және зиянды әдеттерден бас тартудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дұрыс өмір салтын қалыптастыруға қатысты пайдалы кеңестер алды.




