2025 жылғы 5 наурыз күні №8 қалалық емханада Донор күні өткізілді. Донорлық — бұл маңызды әрі қарапайым қадам, себебі бір тамшы қанның өзі бір адамның өміріне үміт сыйлауы мүмкін.
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының мобильді бригадасымен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шарада емхана қызметкерлері донорлық қан тапсырды. Бұл акция біздің әріптестеріміздің ізгі ниеті мен адамгершілігін көрсететін маңызды қадам болып табылады.
Донорлық қан — өмірді құтқаратын құнды ресурс екенін ұмытпай, біз бұл іс-шара арқылы қоғамға көмек көрсетуге тағы бір қадам жасадық.