№94 «Сұңқар» және №48 «Ақ көгершін» балабақшаларында салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері балалар мен қызметкерлерге арналған ішек инфекцияларының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында маман ішек инфекцияларының таралу жолдары, негізгі белгілері және олардың алдын алу шаралары туралы жан-жақты түсінік берді. Балаларға жеке бас гигиенасын сақтау, қол жуу мәдениеті мен таза ауыз судың маңызы туралы интерактивті түрде түсіндірілді.
Балабақша қызметкерлері де өз тарапынан инфекциялық аурулардың алдын алуда санитарлық-гигиеналық талаптарды ұстанудың маңыздылығы туралы құнды мәлімет алды.