Қоғамдық орындарда МӘМС жүйесі туралы ақпарат тарату

Емханамыздың дәрігерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы ақпаратты халық көп жиналатын орындарда — сауда орталықтарында, супермаркеттерде, дәмханаларда және басқа да қоғамдық жерлерде түсіндіруде.

Азаматтарға МӘМС жүйесінің артықшылықтары, медициналық қызметтерді алу мүмкіндіктері жайлы кеңес берілді. Сондай-ақ сақтандыру мәртебесін тексеруге көмек көрсетіліп, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) мен МӘМС аясындағы қызметтер туралы нақты ақпарат ұсынылды.