8-мектеп лицейінде жасөспірімдерге арналған мазмұнды әрі пайдалы семинар ұйымдастырылды. Шараны емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары мен «Сенім» жастар денсаулық орталығының білікті мамандары бірлесе өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты – оқушыларға өз денсаулығына саналы көзқараспен қарауды үйрету, күнделікті өмірде кездесетін күйзелістермен күресу жолдарын көрсету және салауатты өмір салтына бағыт беру.
Кездесу барысында төрт өзекті тақырып кеңінен қамтылды:
-
Стресс және онымен күресу жолдары
-
Репродуктивті денсаулық
-
Сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілері
-
Бояудың бет терісіне әсері
Мамандар әрбір тақырып бойынша ашық әңгіме жүргізіп, нақты мысалдар арқылы жасөспірімдерге түсінікті тілде ақпарат берді.