Болашақ ата-аналарға арналған лекция өтті

РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА БОЛАШАҚ АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЛЕКЦИЯ ӨТТІ⠀
Емханамызда «Жоспарлау — қамқорлықтың белгісі» атты болашақ ата-аналарға арналған танымдық лекция ұйымдастырылды.Лекция барысында дәрігер-мамандар жүктілікке дайындық, дұрыс тамақтану, психологиялық дайындық және болашақ ананың/әкенің рөлі туралы кеңінен ақпарат берді.
Қатысушылар репродуктивті денсаулықтың маңызы туралы пайдалы мағлұмат алды. Сұрақтар қойып, мамандардан жеке кеңес алды.