АИТВ-инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру нәтижесінде пайда болатын баяу үдемелі дамитын жұқпалы ауру. Ауру адамның иммундық жүйесіне әсер етеді, нәтижесінде ағза әртүрлі инфекцияларға және қатерлі ісіктерге өте сезімтал болады, нәтижесінде науқасты өлімге әкеледі. ЖИТС (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) – аурудың соңғы немесе терминалды сатысы.
Инфекция көзі – вирус жұқтырған адам, вирус тасымалдаушы немесе ЖИТС-пен ауыратын адам. Вирус тасымалдаушылар көбінесе жұқтырғанын білмей, өздерін сау деп санайды, өйткені оларда бірнеше жыл бойы ауру белгілері болмауы мүмкін.
Инфекцияның берілу жолдары:
— жыныстық қатынас кезінде (көптеген жыныстық қатынастары бар, әсіресе кездейсоқ немесе бейтаныс серіктестермен);
— парентеральді (қан арқылы) берілу: ластанған қанды құю кезінде немесе қанмен ластанған құралдар арқылы, түрлі инъекциялар жүргізген кезде (әсіресе нашақорлар арасында көк тамырға есіркіні енгізген кезде).
— жүктілік және босану кезінде вирустың анадан балаға берілуі мүмкін.
АИТВ диагнозы арнайы қан анализінің нәтижелері бойынша қойылады, ол көп жағдайда инфекцияны жұқтырғаннан кейін 3 ай аралығындаи нәтиже береді.
АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары
Жыныстық қатынас кезінде АИТВ инфекциясының алдын алу үшін:
— кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болыңыз;
— кез-келген жыныстық қатынас кезінде жоғары сапалы презервативті қолданыңыз.
АИТВ-ның парентеральды берілу жолының алдын алу үшін:
— есірткі заттарын пайдаланудан бас тарту;
-маникюр/педикюр/пирсинг/татуировкаға арналған қайта пайдалануға болатын құралдарды дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, өңдеуден өткізу;
— қан кету кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін резеңке қолғапты қолдану және терінің ашық жерлерін және көздің шырышты қабығын қанның түсуінен қорғау қажет, қанның кез келген қан инфицирленген қауіпті деп саналуы тиіс.
Өзіңізді және балаларыңызды сақтаңыздар, дендеріңіз сау болсын!
АИТВ инфекциясы
Жарияланған күні: 10.01.2018