Бір донор – жеті адамның өміріне үміт.

Бір адамның ағза доноры болуы бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Донордан алынған жүрек, бауыр, екі бүйрек, өкпе, ұйқыбезі және басқа да тіндер мұқтаж науқастарға трансплантацияланып, олардың өмірін ұзартуға әрі сапасын жақсартуға көмектеседі.

Бір донор жеті адамның өмірін құтқара алады. Донорлық – адам өміріне үміт сыйлайтын, ең ізгі әрі сауапты шешімдердің бірі.