№8 қалалық емхана жанындағы «Сенім» жастар денсаулық орталығы психологы және емхана психологтары 28–30 сәуір аралығында емханаға қарасты №87, №5, №12 мектептерінде 5–11 сынып оқушыларына арналған аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бағытында маңызды дәрістер өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің психологиялық саулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өз-өзіне деген сенімділікті арттыру және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамыту болды.
Дәрістер барысында оқушылармен психологиялық тұрақтылық, күйзелістің алдын алу, эмоцияларды басқару және өмірлік қиындықтарды еңсеру жолдары кеңінен талқыланды. Мамандар жасөспірімдерге пайдалы кеңестер беріп, түрлі жағдайларда өзін дұрыс ұстаудың маңыздылығын түсіндірді.
Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз ойларымен еркін бөлісті.




