А Н О Н С

Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 8 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Аталған талдау аясында келесі бағыттар қарастырылатын болады:

– нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
– ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Егер Сізде Кәсіпорын қызметіне қатысты қандай да бір ақпарат, шағымдар немесе ұсыныстар болса, оларды «Комплаенс-қызметі» бөлімінде көрсетілген электрондық пошта арқылы жолдай аласыз.