Мектептерде иммундау туралы ақпараттық дәрістер ұйымдастырылды

Еуропалық иммундау апталығы аясында емханаға қарасты білім беру ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру дәрістері ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар мен педагогтар арасында вакцинацияның маңыздылығы туралы білім деңгейін арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын насихаттау.

Дәрістер барысында медицина мамандары оқушыларға иммундаудың қауіпсіздігі мен тиімділігі, вакцинацияның ұлттық күнтізбесі, сондай-ақ жұқпалы аурулардың алдын алудағы маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.