Өрт қауіпсіздігі бойынша практикалық жаттығулар өткізілді

2026 жылғы 21 сәуір күні емханамыздың Ж. Досмұхамедұлы көшесі, 24 мекенжайында орналасқан филиалында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және төтенше жағдайларда қызметкерлердің іс-қимылдарын жетілдіру мақсатында практикалық жаттығулар ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара барысында келесі тақырыптар қамтылды:

«Өрт кезіндегі іс-қимылдар»
«Өрт қауіпсіздігі қағидалары»
«Өрт туындаған кезде эвакуациялау тәртібі»

Жаттығу барысында қызметкерлерге өрттің алдын алу шаралары, өрт шыққан жағдайда жедел әрі дұрыс әрекет ету алгоритмі, сондай-ақ ғимараттан қауіпсіз эвакуациялау тәртібі түсіндірілді. Қатысушылар шартты төтенше жағдай жағдайында эвакуациялау дағдыларын тәжірибе жүзінде пысықтады.