№8 мектеп-лицейінде 7-сынып оқушыларына арналған «Дәрігерге сұрақтарыңыз бар ма?» тақырыбында танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге медициналық және психологиялық мәселелер бойынша ақпарат беру, сондай-ақ олардың толғандырған сұрақтарына мамандар тарапынан түсіндірме жасау.
Кездесуге №8 қалалық емхана жанындағы «Сенім» жастар денсаулық орталығының мамандары қатысты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын психолог маманына және акушер-гинеколог дәрігерге қойып, жан-жақты жауаптар алды.
Кездесу барысында жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері, тұлғалық даму, өзара қарым-қатынас мәдениеті, сондай-ақ жасөспірімдер денсаулығына қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Мамандар оқушыларға пайдалы кеңестер беріп, олардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауының маңыздылығын атап өтті.




