Емханамызда Медициналық сақтандыру қоры Астана қаласы бойынша филиалының мамандары медицина қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі 2026 жылға енгізілген өзгерістер кеңінен түсіндірілді.
Шараның негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерін МӘМС жүйесіндегі жаңашылдықтармен таныстыру, заңнамалық өзгерістердің мәнін түсіндіру және оларды күнделікті тәжірибеде дұрыс қолдану жолдарын нақтылау.



