Емханамызда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының бастамасымен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті. Шара барысында
Джаналаева Салтанат Мухамбетпанаевна қалалық маслихат депутаты және “Қазақстан халық” партиясының өкілі Смайл Насихат коалиция жұмысының негізгі бағыттары мен алдағы республикалық референдумның маңызы кеңінен таныстырды.
Кездесу барысында қатысушыларға 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдумның маңыздылығы түсіндіріліп, әрбір азаматтың саналы түрде қатысуы мен өз таңдауына жауапкершілікпен қарауының мәні айтылды. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасының мазмұны, елдің демократиялық дамуына ықпалы және қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі талқыланды.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауап алды.
Алынған барлық мәліметтер қызметкерлердің алдағы қадамдары мен практикалық іс-әрекеттерінің негізі болады.




