Мобильді бригада – дәрігерді үйге шақыру

Үйге шақырту бойынша медициналық көмек мобильді бригадалар арқылы көрсетіледі. Клиникалық жағдайға байланысты бригаданың құрамына әртүрлі мамандар кіруі мүмкін. Медициналық қызметкерлер сізді қарап, қажетті диагностикалық шараларды жүргізіп, тиісті медициналық көмекті үй жағдайында көрсетеді.

Дәрігерді үйге шақыруды тіркеу:

  • жұмыс күндері: 08:00–18:00;

  • сенбі күні: 08:00–14:00.

Шақырту тіркеу үшін төмендегі телефондарға хабарласыңыз:
8 (7272) 39-99-99, +7 778 021 05 09

Мобильді бригада белгіленген уақытта келіп, қажет медициналық көмекті толық көлемде көрсетеді.