Сақтық – денсаулық кепілі: қызылшаның алдын алу

Емханамызда дәрігерлер мен мейіргерлерге арналған қызылша ауруының алдын алу және вакцинациялау туралы дәріс өткізілді. Дәрістің негізгі мақсаты – медицина қызметкерлерін инфекциялық ауруларды болдырмау шараларымен, вакцинация стандарттарымен және эпидемиялық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру болды.

Дәріс барысында:

  • Қызылшаның клиникалық белгілері, асқынулары және қауіптілігі туралы ақпарат берілді;

  • Вакциналаудың тиімділігі мен маңызы түсіндірілді;

  • Медицина қызметкерлерінің өздерін және пациенттерді қорғау шаралары қарастырылды;

  • Қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар талқыланды.