10 қазан — бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні

“Сенім” жастар денсаулық орталығында психикалық денсаулық күніне орай “Жоғары медициналық колледж” студенттерінің қатысуымен ашық есік күні өтті.
Іс-шара аясында “Позитивті ойлауды дамыту” тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Тренингтің мақсаты — жастардың эмоционалды әл-ауқатын арттыру, өмірге оң көзқарас қалыптастыру және күйзеліс жағдайларымен тиімді күресуді үйрету.
Қатысушылар түрлі практикалық жаттығулар орындап, позитивті ойлаудың маңызын талқылады.

Шара соңында жастар өз әсерлерімен бөлісіп, жақсы көңіл күймен тарқасты.