2025 жылдың 10 қыркүйегінде емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Ерсайын А.Е. Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында оқушыларға туберкулез және оның алдын алу тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқушылар:
Туберкулездің жұғу жолдары;
Аурудың алғашқы белгілері;
Алдын алу шаралары;
Жеке бас гигиенасының маңыздылығы туралы толық әрі түсінікті ақпарат алды.
Дәрігер оқушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, кез келген күмәнді белгілер байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырды.