Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-де емханамыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері қарт жастағы адамдардың дұрыс тамақтануының ерекшеліктері туралы мазмұнды да мағыналы дәріс оқыды.
Дәрістің негізгі мақсаты – егде жастағы адамдарға дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру арқылы олардың белсенділігін арттырып, денсаулығын нығайту. Жас ұлғайған сайын ағзада болатын өзгерістерді ескере отырып, тамақтанудың маңызы зор.
Дәріс барысында айтылған басты кеңестер:
Жеңіл әрі құнарлы тағамдарды таңдау;
Күнделікті сұйықтық мөлшерін сақтау;
Кальций, дәрумендер мен антиоксиданттарға бай өнімдерді тұтыну;
Тұз бен қантты шамадан тыс қолданбау;
Тамақтану режимін тұрақты сақтау.