Кариес — ауыз қуысының ең жиі кездесетін ауруларының бірі. Ол тіс эмалінің бұзылуынан басталып, емделмеген жағдайда ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Сондықтан кариестің алдын алу — сау тістер мен жарқын күлкі кепілі.
Негізгі себептері:
-
Тәтті тағамдар мен сусындарды көп тұтыну
-
Тісті дұрыс тазаламау
-
Ауыз қуысы гигиенасына немқұрайлы қарау
-
Иммунитеттің төмендеуі
Кариесті қалай алдын алуға болады?
-
Тісті күніне кемінде екі рет тазалау — таңертең және кешке, фторлы паста қолдану ұсынылады.
-
Тамақтануды реттеу — тәтті мен қантты азықтарды шектеу, көкөністер мен жемістерді көбірек тұтыну.
-
Тіс жіптерін пайдалану — тіс араларындағы қалған тағам қалдықтарын жою үшін.
-
Жыл сайын стоматологқа қаралу — ерте кезеңде емдеу үшін.
-
Балаларға ерте жастан дұрыс гигиенаны үйрету.
Тіс күтімі — бұл күнделікті жауапкершіліктің бір бөлігі. Кариестің алдын алып, денсаулығыңызды сақтаңыз!