Бүгінгі таңда бронхиялық астма – кең таралған тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларының бірі. Бұл дерттің алдын алу, ерте анықтау және тиімді бақылаудың маңыздылығын ескере отырып, емханамызда Бүкіләлемдік астмамен күрес күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың бронхиялық астма туралы ақпараттылығын арттыру және ауруды басқару жолдарын түсіндіру болды.
Іс-шара аясында:
-
Астма деңгейін бақылау тесті жүргізілді;
-
Ауру белгілерін анықтауға бағытталған кеңес берілді;
-
Ингалятор мен пикфлоуметрді дұрыс қолдану тәсілдері үйретілді;
-
Астмаға қатысты сұрақтарға дәрігерлер жауап берді;
-
Ақпараттық материалдар таратылды.
Сонымен қатар, емхана медицина қызметкерлері үшін арнайы білім беру семинары өтті. Семинарда медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, «АМУ» КеАҚ ішкі аурулар кафедрасының оқытушысы Трофимова С.В. спикер ретінде сөз сөйлеп, «Бронхиялық астманы амбулаториялық жағдайда диагностикалау және емдеу» тақырыбында баяндама жасады.
Ашық есік күні барлық қатысушылар үшін пайдалы әрі ақпараттық мәнге ие болды.