Тұмауға қарсы вакцинация жалғасуда.

Тұмау пневмония, жүректің зақымдануы-миокардит, перикардит, жүрек жеткіліксіздігі, синусит және гайморит, бүйрек аурулары – пиелонефрит және гломерулонефрит, менингит, энцефалит сияқты асқынуларымен қауіпті екенін бәрімізге мәлім. Сонымен қатар көбінесе тұмаумен ауырғандарда созылмалы аурулары күшейеді. Жүктілік кезінде тұмау әсіресе қауіпті, өйткені жүктілік иммундық жүйеге түбегейлі әсер етеді.
Екпе алу — аурудан қорғанудың ең тиімді және сенімді әдісі. Емхана ұжымы тұмауға қарсы вакцина алып, пациенттерді де өз денсаулығын қорғауға шақырады.