Жанұя болуды жоспарлау, ұрпақты болу денсаулығын сақтау және нығайту – қазіргі таңда маңызды мәселе. Бірінші категориялы акушер-гинеколог дәрігеріміз Сапенова Динара Конакбаевна емхана қызметкерлеріне дәріс өткізді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде балалы бола алмайтын 48 миллионға жуық жұп бар. Дәрігеріміздің айтуыша, дүниеге дені сау бала әкелуге дұрыс дайындалуға бағытталған білім беру, медициналық және әлеуметтік іс-шаралар кешені қашан да өзекті. Өйткені мұның артында ұлт саулығы тұр. Дені сау ұрпақ – дені сау ұлт. Ал ол әр жанұяның жауапкершілігінен басталады.