Салауатты өмір салты сабағы

Бала жастан салауатты өмір салты жайында әңгімелесіп, оқушылардың бойына оның мәнін ұғындыру әлбетте маңызды. Осы мақсатта біздің емханамыздың СӨС дәрігері Жанерке Берікбайқызы Астана қаласы әкімдігінің «№5 гимназия» КММ оқушыларына арнайы сабақ өткізді.

Оқушылармен «Салауатты өмір салтына иә де» тақырыбында әңгімелесу жүргізілді. Сабақ барысында «Зиянды әдеттер деген не? Гигиенаның маңызы. Қандай тағамдар біздің деніміздің сау болуына көмектеседі?» сынды сұрақтар қамтылды. Әрине, балалар белсене қатысты. Өз түйген ойларын қағаз бетіне түсірген олардың суреттері көңіл қуантады.

Іс-шараның мақсаты — денсаулықтың құндылығын түсінуге көмектесу, оқушыларды өз денсаулығын сақтауға, СӨС қалыптастыруға ынталандыру.