Скрининг

Өз денсаулығыңызға көңіл бөліңіз — профилактикалық тексерілуден өтіңіз!

Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуі тиіс.

Скрининг дегеніміз не?

Скрининг — белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу арқылы ауруларды ерте сатысында анықтау.

Ерте анықталған дертті емдеу әлдеқайда тиімді және асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Скрининг аясында жүргізілетін тексерулер:

  • бой, салмақ, бел шеңберін өлшеу;
  • артериялық қысымды өлшеу;

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жаста:

  • көзішілік қысымды өлшеу;
  • қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін анықтау;
  • қан сарысуындағы төмен тығыздықты липопротеидтерді анықтау;
  • триглицеридтерді анықтау;
  • глюкозирленген гемоглобинді анықтау;
  • электрокардиография – көрсетілім бойынша;
  • офтальмолог қарауы – көрсетілім бойынша.

50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлерге

  • брахиоцефалдық баған тамырларының УДДГ;
  • тамыр хирургының кеңесі – көрсетілім бойынша.

Қауіп тобындағы адамдарға – В және С созылмалы гепатит маркерлеріне қан талдауы.

 

Бұл қандай ауруларды анықтауға көмектеседі?

  • жүрек-қан тамыр аурулары;
  • қант диабеті;
  • глаукома;
  • жіті ми қанайналымы бұзылыстары;
  • созылмалы гепатит;
  • инсульт, инфаркт, зағиптық;
  • бауыр циррозы және бауыр обыры.

Обыр ауруларының алдын алу үшін:

Әйелдерге:

30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жаста:

  • жатыр мойнынан жағынды алып, цитологиялық зерттеу;
  • көрсетілім бойынша – акушер-гинекологтың қарауы, кольпоскопия.

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жаста:

  • сүт бездерінің маммографиясы;
  • көрсетілім бойынша – маммолог және онколог кеңесі.

Ерлер мен әйелдерге:

50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жаста:

  • нәжісті жасырын қанға тексеру;
  • көрсетілім бойынша – жуан және тік ішекті эндоскопиялық зерттеу.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

  • Скрининг тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді.
  • Тексерулер тіркелген емханада жүргізіледі.
  • Егер сізге скринингке шақырту келсе – міндетті түрде өтіңіз.

Егер сіз диспансерлік есепте тұрсаңыз

Созылмалы аурулары бар азаматтар дәрігерге уақытылы қаралып, оның барлық ұсынымдарын толық орындауы қажет.

Есіңізде болсын:

Аурудың алдын алу – оны емдеуден әлдеқайда жеңіл.

Өз денсаулығыңызға бүгін көңіл бөліңіз!