Бөлім туралы:
Бөлім меңгерушісі: Досманов Жанат Амантайұлы – жоғары санатты офтальмолог дәрігер.
Аға медбике: Мұханова Жансая Сағымбекқызы.
Офтальмология бөлімшесі ересектер корпусының екінші қабатында орналасқан.
Офтальмология бөлімшесі жұмысының негізгі міндеті — Астана қаласының тұрғындарына мамандандырылған емдік-диагностикалық және консультациялық көмек көрсету.
Біздің офтальмологиялық орталықта барлық жағдай жасалған: емделушілерді қабылдау кабинеттері, функционалдық диагностика кабинеті, лазерлік кабинет, ота жасау бөлмесі, таңу және емшара бөлмелері жұмыс істейді. Амбулаториялық науқастарды қабылдауға арналған кабинеттер заманауи жабдықтармен жарақтандырылған.
Офтальмология бөлімінің негізгі міндеттері:
- «№ 8 қалалық емхана» ШЖҚ МКК учаскелік қызметінің (ЖТД) жолдамасы бойынша бекітілген тұрғындарға өткір және созылмалы ауруларға байланысты мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
- Астана қаласының басқа да медициналық ұйымдарынан жолдама бойынша келген пациенттерге кеңес беру.
Бөлім құрылымы:
« № 8 қалалық емхана» ШЖҚ МКК офтальмология бөлімшесі көру мүшелерінің аурулары бар пациенттерге профилактика, диагностика, емдеу және динамикалық бақылауды қамтитын офтальмологиялық қызметтердің толық спектрін ұсынады. Бөлімшеде заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып және қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес консультациялық қабылдаулар, консервативті және оталық емдеу жүргізіледі.
Жұмыс тәртібі:
- Дүйсенбі — Жұма: 08:00-ден 18:00-ге дейін.
- Сенбі: 08:00-ден 13:00-ге дейін.
- Жексенбі: Демалыс.
Офтальмология бөлімі көрсететін қызмет түрлері:
- Авторефрактометрия.
- Контактісіз пневмотонометрия.
- Көз биомикроскопиясы.
- Гониоскопия.
- Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу.
- Торқабықты инфрақызыл сканерлеу (HRT).
- Кератометрия.
- Жас қапшығына/қабаққа массаж жасау.
- Қабықша бетінің ақауларын анықтау.
- Гиршберг бойынша девиация бұрышын анықтау.
- Оптикалық когерентті томография (ОКТ) — торқабық пен көру жүйкесі ауруларының диагностикасы.
- Офтальмоскопия.
- Пахиметрия.
- Периметрия.
- Көзілдірік таңдау: күрделі коррекция.
- Жас өзекшелерінен сынама жүргізу.
- Жас жолдарын шаю.
- Глаукома кезіндегі түсіру және жүктеме сынамалары.
- Интраокулярлы линзаның (ИОЛ) өлшемін есептеу.
- Скиаскопия.
Көз ауруларын емдеу:
- Катарактаны оталық емдеу.
- Глаукоманы лазермен емдеу.
- Торқабық ауруларын емдеу (макула және артқы полюс дегенерациясы).
- Көзге жасалатын лазерлік оталар: лазерлік иридэктомия, салдарлық катарактаның лазерлік дисцизиясы, селективті трабекулопластика, лазерлік гониопластика.
- Консервативті емдеу: торқабық аурулары.



