Бөлімше меңгерушісі Ахметжанова Зәуре Қайыржанқызы — жоғары санатты педиатр дәрігер.
Аға мейіргер Болатқанова Мергүл Ерболқызы — бірінші санатты мейіргер.
Балалар корпусының 2-ші және 3-ші қабаттарында балаларға хирургиялық, ортопедия-травматологиялық, офтальмологиялық, эндокринологиялық, неврологиялық, стоматологиялық және оториноларингологиялық бейіндер бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсететін консультативтік бөлімше жұмыс істейді.
Консультативтік бөлімше халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін медициналық көмек алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз етеді. Бөлімше құрамында жоғарыда аталған мамандықтардан бөлек фтизиопедиатр, инфекционист және логопед бағыттары бойынша мамандар бар.
Консультативтік бөлімнің негізгі міндеттері:
- Учаскелік қызметтің жолдамасы бойынша бекітілген халыққа өткір және созылмалы аурулар кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
- Басқа мамандықтағы дәрігерлердің жолдамасы бойынша науқастарға кеңес беру (емханада және үй жағдайында);
- Көрсетілімдер болған жағдайда МӘСЖ (медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы) кеңесін ұйымдастыру;
- Аурушаңдық пен мүгедектікке талдау жүргізу;
- Халыққа медициналық көмек көрсету сапасын одан әрі жақсарту мақсатында дәрігерлер мен мейіргерлердің біліктілігін тұрақты түрде арттыру;
- Мектептер мен балабақшаларда профилактикалық медициналық тексерулер жүргізу.
Бөлімнің негізгі функциялары:
- Емханада және үй жағдайында балаларға білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
- Пациенттерге өткір және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
- Профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
- Ауруларды ерте анықтау мақсатында пациенттерді тексеруден өткізу;
- Халыққа санитарлық-гигиеналық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар жүргізу;
- Диагнозды нақтылау үшін пациенттерді қосымша зертханалық және аспаптық зерттеулерге жолдау;
- Қажет болған жағдайда қала стационарларына шұғыл госпитализациялау.
Бөлім құрылымы
ХИРУРГИЯ
Хирургия кабинетінде хирургиялық науқастарды емдеудің барлық қажетті тәсілдері мен әдістемелерін меңгерген 3 хирург дәрігер жұмыс істейді. Хирургия кабинеті үш бөлмеден тұрады: науқастарды қабылдау, тіркеу және тексеру жүзеге асырылатын хирург дәрігердің кабинеті және екі таңу бөлмесі (таза және іріңді). Таңу бөлмесімен жалғасатын хирургия кабинетінде таза және іріңді жаралары бар пациенттерді бөлу жұмыс кезектілігін орнату арқылы жүзеге асырылады: бірінші кезекте таза таңу бөлмесінде жаңа жараларды өңдеу мен таза жараларды таңу жүргізілсе, екінші кезекте іріңді процестері бар науқастар қабылданады.
Хирургия кабинетінде хирургиялық манипуляциялардың келесі түрлері орындалады:
- Жұмсақ тіндердегі бөгде затты алып тастау;
- Жараны бастапқы хирургиялық өңдеу;
- Асқынған жараны бастапқы хирургиялық өңдеу;
- Күйік пен үсікті бастапқы хирургиялық өңдеу;
- Іріңдеген жараның жиектерін сылып тастау (иссечение);
- Антисептикалық таңғыш салу;
- Ойық жаралар мен трофикалық ойықтарды хирургиялық өңдеу;
- Бекіткіш таңғыш салу;
- Тігіс салу, соның ішінде косметикалық тігістер;
- Әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі таңу жұмыстары;
- Отадан кейінгі тігістерді алу;
- Отадан кейінгі тыртықтың жағдайын бағалау;
- Іріңді-қабыну ошақтарын жару;
- Гематомаларды жару және дренаждау;
- Отадан кейінгі пациенттерді бақылау;
- Дренаж бен стоманы күту;
- Тырнақ пластинасын алып тастау.
СТОМАТОЛОГИЯ
Стоматология кабинетінде үш білікті маман: бір стоматолог-хирург және екі стоматолог-терапевт жұмыс істейді. Стоматология кабинеті заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген, соның көмегімен білікті қызметкерлер тіс диагностикасын жасап, сауатты ем жүргізеді. Кабинет балалар стоматологиясы аясында қызмет көрсетеді.
Стоматология кабинеті заманауи стоматология бойынша келесі қызмет түрлерін ұсынады:
Терапия:
- кариесті емдеу;
- пульпит пен периодонтитті емдеу.
Хирургия:
- кез келген күрделіліктегі тістерді жұлу;
- «ақыл тістің» шығуы (жарып шығуы) кезінде көмек көрсету.
НЕВРОЛОГИЯ
Неврология кабинетінде 3 невролог дәрігер жұмыс істейді. Неврология кабинеті неврологиялық бейіндегі балаларға мамандандырылған емдік-профилактикалық және консультациялық көмек көрсетеді.
Невролог кабинетінің емдік-диагностикалық жұмысының басым бағыттары:
- Бас аурулары, соның ішінде ширығудан болатын бас ауруы, мигрень, артериялық қысымның көтерілуіне байланысты бас ауруы;
- Мазасыздықтың артуы, ашушаңдық, көңіл-күйдің төмендеуі;
- Бас айналуы;
- Остеохондроз, омыртқааралық диск жарығы (грыжа), спондилез және басқа да себептерден болатын арқа мен аяқ-қолдағы ауырсынулар;
- Беттегі ауырсынулар, соның ішінде үшкіл және тіл-жұтқыншақ нервтерінің невралгиясы, миофасциалды ауырсынулар;
- Мидың қан тамырлары аурулары(цереброваскулярлық аурулар), дисциркуляторлық энцефалопатия (мидың созылмалы қанмен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігі), есте сақтау мен зейіннің бұзылуы;
- Сананың пароксизмалды бұзылулары, соның ішінде эпилепсия, себепсіз талып қалу (естен тану);
- Ұйқы мен сергектіктің бұзылуы, соның ішінде ұйқысыздық, түнде жүру (снохождение), ұйқыда сөйлеу, түнгі қорқыныштар, энурез;
- Балалардың церебралды параличі (БЦП)және аяқ-қолдардың әлсіздігімен (парездермен, параличтермен) қатар жүретін басқа да жағдайлар;
- Нерв жүйесінің демиелинизациялаушы аурулары(жайылмалы склероз және т.б.);
- Вегетативті нерв жүйесінің аурулары, вегетативті дистония;
- Бас сүйек ішілік қысымның көтерілуі(бас сүйек ішілік гипертензия), гидроцефалия.
ОФТАЛЬМОЛОГИЯ
Офтальмология кабинетінде тәжірибелі офтальмолог дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Кабинет автоматты рефрактокератометрия жасауға, кез келген күрделіліктегі көзілдірік таңдауға, сондай-ақ автоматты периметрия жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи офтальмологиялық қондырғымен және көз тонометрімен жабдықталған.
Офтальмолог дәрігер жүргізетін манипуляция түрлері:
- Офтальмоскопия(көз түбін тексеру);
- Тонометрия(көз ішіндегі қысымды өлшеу);
- Визометрия(көру өткірлігін кесте арқылы тексеру);
- Скиаскопия(көздің сыну қабілетін/рефракциясын анықтау);
- Көру өткірлігін анықтау;
- Көзілдірік таңдау:қарапайым және күрделі түзету (коррекция);
- Көздің қабығынан (роговица) бөгде затты алып тастау;
- Қабақ терісі мен қосалқыларынан тігістерді алу;
- Қабақ жарасын өңдеу;
- Көзге жасалған отадан кейін пациентті күту;
- Емдік жуып-шаю шаралары;
- Май дәрілерді салу;
- Қабақтарға массаж жасау.
ЛОГОПЕДИЯ КАБИНЕТІ
Логопедия кабинеті 3 жастан 18 жасқа дейінгі сөйлеу тілі бұзылған балаларға мамандандырылған консультациялық-диагностикалық және түзету-қалпына келтіру көмегін көрсетеді.
Логопедия кабинетінің негізгі міндеттері:
- Консультациялық-диагностикалық жұмыс жүргізу және кабинетте ем қабылдайтын балаларды іріктеу;
- Жеке логопедиялық сабақтар өткізу;
- Логопедиялық ойындарды қолдана отырып сабақтар жүргізу;
- Пациенттің туыстарын логопедиялық тапсырмаларды қолжетімді формада орындауға тарту;
- Отбасында сөйлеу режимі мен қолайлы психологиялық климат үшін жағдай жасау.
ТРАВМАТОЛОГ-ОРТОПЕД
Маман санаты бар дәрігер қабылдау жүргізеді, буындардағы қозғалыс көлемін, бұлшықет күшін, аяқ-қолдардың деформациясын және буын контрактураларының (қозғалыс шектелуінің) бар-жоғын анықтайды. Арнайы зерттеу әдістерінің (зертханалық, рентгенологиялық, функционалдық және т.б.) қажеттілігін белгілейді және олардың нәтижелеріне дұрыс интерпретация (түсіндірме) береді.
Науқастарды жүргізудің схемасын, жоспары мен тактикасын негіздейді, науқасты шұғыл немесе жоспарлы отаға дайындау жоспарын әзірлейді. Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді және медициналық құжаттарды ресімдейді.
ПЕДИАТР-КЕҢЕСШІ
- диагностиканың, профилактиканың, емдеудің және пациентті кейінгі оңалтудың заманауи әдістерін қолдана отырып, білікті медициналық көмек көрсетеді;
- белгіленген ережелер мен стандарттарға сәйкес науқасты жүргізу тактикасын таңдайды, оны тексеру жоспарын әзірлейді, сондай-ақ аурудың толық және сенімді диагностикасын қысқа мерзімде алу үшін зерттеу көлемі мен әдістерін нақтылайды;
- емхана бөлімшелерінің дәрігерлеріне өз мамандығы бойынша кеңес береді;
- шұғыл жағдайларда пациенттерді қала стационарларына жолдайды.
ОТОРИНОЛАРИНГОЛОГИЯ
Оториноларингология кабинетінде 2 отоларинголог дәрігер жұмыс істейді. Оториноларингология кабинеті балаларға мамандандырылған емдік-профилактикалық және консультациялық көмек көрсетеді.
Оториноларинголог (ЛОР) дәрігері жүргізетін манипуляция түрлері:
- Мұрынның шырышты қабығын анемизациялау(ісінуді басу);
- Евстахий түтігін үрлеу;
- Құлақтағы күкірт тығынын алу;
- Мұрынға алдыңғы тампонада жасау;
- Мұрыннан бөгде затты алып тастау;
- Турунда енгізу арқылы құлақ туалетін жасау;
- ЛОР-ағзалардың абсцесін жару;
- Мұрынды табиғи тесіктері арқылы жуу («көкек» әдісі);
- ЛОР-ағзалардың фурункулын жару;
- ЛОР-мүшелеріне дәрілік заттарды тамызу (инстилляция);
- Көмей ішіне дәрі құю;
- Турунда енгізу арқылы мұрын туалетін жасау;
- Таңдай бадамшаларының лакуналарын жуу;
- Мұрын бақалшақтарының шырышты қабығына блокада жасау;
- Дабыл жарғағының пневмомассажы;
- Жұтқыншақтың артқы қабырғасын дәрімен майлау.



